Аптадағы маңызды жаңалықтар

Самат Ескендіров нұротандықтардың міндеттерін айқындады

 

 

 

 

Бұл Самат Ескендіровтың «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасы лауазымында партияластарымен өткізген алғашқы кездесуі. Сондықтан ең алдымен облыстық филиалға жүктелген міндетті бірлесе атқару мәселесі талқыланды.

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:
– «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының алдында бірқатар міндеттер тұр. Оларды жүзеге асыру үшін бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Бюджеттік қаражатқа салынып немесе жөнделіп жатқан құрылыс нысандарындағы партиялық бақылау бекеттерінің санын арттыруымыз керек.

Бұдан соң аудандық филиалдардағы адамдардың саны мен материалдық-техникалық базасы жайлы сөз болды. Нұротандықтардың қатарында кәсіпкерлер мен өнеркәсіп саласы мамандарының қатары сирек.

Болат Ахметжанов, «Нұр Отан » ХДП Айыртау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Партия құрамындағы 14 депутаттың тең жартысы агроөнеркәсіп саласының өкілдері. Биылдан бастап ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен кәсіпкерлердің санын арттырмақпыз.

Қазіргі таңда өңірімізде 45 мыңға жуық партия мүшесі бар. 380-нен астам бастауыш ұйымдары жұмыс істейді.

Инеш Шоқақова