Балалар

Ақпараттық-насихат тобы жастарға Елбасы жолдауын насихаттауда

 

 

Кездесуге оқуда озат, белсенді оқушылар жиылды. Олар ел болашағына бей-жай қарамайды. Сондықтан соңғы жаңалықтар мен өзгерістерден хабардар. Елбасының «Қазақстан-2050 стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауының басым бағыттарымен де таныс. Алайда кездесуде олар өздерін қызықтырған сауалдарын нұротандықтарға жолдай алады.

Индира Полубинская, «Дарын» мектеп-лицейінің оқушысы:
-Мен жоғары білім алу мәселесіне қатысты сауал жолдамақпын. Әсіресе, техникалық білім беру саласының дамуы, болашақта қандай болатыны қызықтырады. Инженерлерге жасалынатын жағдайды да білгім келеді.

Елбасы Жолдауын түсіндіру үшін өңірімізде жастардың ақпараттық-насихат тобы құрылған. Оған жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділері мен мәслихат депуттаттары еніпті.

Мұса Танақұлов, «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
-Біз оқу орындарының студенттерімен және мектеп оқушыларымен кездесеміз. Жастарды алаңдатқан мәселелерді талқылаймыз. Ең алдымен, білім беру саласы мен спортты дамыту, денсаулық сақтау сынды мәселелер қозғалады.

Сондай-ақ жиында жаңа қазақстандық патриотизм үлгісі мен тілдің үштұғырлығы сөз болды.

Инеш Шоқақова

em style=