Мәдениет

Ән қанатында

 

 

Полина Остапенко ән байқауына екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы осы конкурста ол екінші орынға ие болыпты. Қазір дайындығын тағы бір пысықтау үстінде.

Полина Остапенко, №1 өнер мектебінің тәрбиеленушісі:
– Байқауға жақсы дайындықпен келдім. Жүлделі орыннан үмітім бар. Бүгін екі ән орындаймын.

Жанды дауыста ән айтуда сахнаға бірінші болып Әмина Темірбаева шықты. Оның вокалдық бөлімде өнерін шыңдап жүргеніне жарты жыл ғана екен.

Әмина Темірбаева, №1 өнер мектебінің тәрбиеленушісі:
– Сахнаға шыққанда аздап қобалжу болды. Фонограммамен айтқаннан гөрі жанды дауыста ән салған дұрыс деп ойлаймын. Болашақта әнші болуды қалаймын.

Аталған конкурс осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Оған балалардың қызығушылықтары да артып келеді дейді ұйымдастырушылар.Ән байқауында қатысушылар кіші, орта және ересек топтарға  бөлініп, үш жас аралығы бойынша сынға түсті. Талап мынадай: академиялық-вокалдық жанрда екі ән орындаулары қажет. Олардың әрқайсысы жеңістен үмітті.

– Мен бүгін жақсы дайындалдым. Бұл конкурста жүлделі орын алуға тырысамын.
– Біз үшін мұндай байқаулардың берері мол. Өйткені, онда біз өзімізді сахнада қалай ұстау керектігіне үйренеміз.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталмақ.

Әспет Әбдірешова