Құқық қорғау органдары

Жүк көлігінің жүргізушісінен жалған ақша тәркіленді

 

Мына ақшаны сырт көзбен қолдан жасалған деп айту қиын. Алайда сараптама оның тек сапалы көшірілген қағаз екенін анықтапты. Жасанды қаржы жүк көлігінің жүргізушісінен тәркіленген.

Әлібек Асқаров, СҚО ІІД инспекторы:
-Жедел тергеу тобы азаматттың қолында жасанды ақша болғанын анықтады. Жүргізушіден 150 мың теңге тәркіленді. Оның отыз мыңы қолдан әзірленген.

Жүргізуші Петропавл қаласы маңындағы жанар май станциясынан көлігіне бензин құйып алмақ болған. Бұл қызмет 10 мың теңгеге бағаланған. Сатушыға арнайы құрылғы ақшаның сәйкес еместігін көрсеткен. Сезікті ақшаны бастығым берді дейді. Бұл соманы РФ Нижний Тагил қаласынан Көкшетауда ағаш сатып алуға жұмсау көздеген.

Бұл ақша Сізге қалай келді?
Маған жолға берді.

– Сіз олардың жалған екенін білмедіңіз бе?
Жоқ,әрине, мен қайдан білемін.

Жүргізуші мен сатушы арасындағы осындай диалогқа куә болған мамандандырылған күзет қызметінің өкілдері бірден әріптестеріне хабарлайды.  Бұл жыл басынан өңірімізде орын алған үшінші факті. Былтыр жасанды ақшаны айналымға шығарудың 51 оқиғасы тіркеліпті.

Жеңіс Ермұқанов