Спорт

Құқық қорғаушылардың қысқы спартакиадасы

 

Жарысқа қатысушылардың жалпы саны – 150. Бұл облыстағы барлық құқық қорғау органдарының өкілдері. Мұнда барлығы 19 команда бар.

Есенгелді Құлмағамбетов, СҚО ІІД кадрлық жұмыс бастығының орынбасары:
-Бұл жарыс жоспарлы түрде жыл сайын өткізіледі. Оған әр аудан бөлімдерінен келген қызметкерлер қатысады. Бұл шараның тәрбиелік әрі патриоттық маңызы зор деп ойлаймын.

Ақылбек Жәңгіров турнирге ҚР ІІМ Ішкі әскерлері әскери институты ұжымының намысын қорғай келіпті. Спортшының айтуына қарағанда, қарсыластарының бәрі жақсы дайындалған. Сондықтан да жарыс тартысты өтетін түрі бар дейді ол.

Ақылбек Жәңгіров, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының курсанты:
-Самбомен бертінде ғана айналыса бастадым. Негізінен еркін күреспен әуестенемін. Алғашқы кездесу оңай болған жоқ. Қанша дегенмен сайысқа мықты спортшылар келеді.

Самбо жарысының қорытындысы ақпанның 21-і белгілі болады. Ақтық сынға шығуға үміттілердің қатарында Уәлиханов ауданының учаскелік инспекторы Жасұлан Хұсайынов та бар. Өткен жылы ол өз салмағында бірінші орын алыпты.

Жасұлан Хұсайынов, учаскелік инспектор, Уәлиханов ауданы:

-Ауданымыздан самбо жарысына 8 адам келдік. Алда қандай нәтиже көрсететінімізді білмеймін. Дайындығымыз жемісін береді деп сенемін.

Қысқы спартакиада аясында шаңғы жарысы, волейбол, әскери қарумен ату сынды жарыстар өтеді. Жеңімпаздардың есімдері сәуір айында белгілі болады.

Әспет Әбдірешова