Құқық қорғау органдары

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы қамауға алынды

 

Облыстық мәдениет басқармасы бастығы кабинетінің есігі мөр басылған қағаздармен жабылған. Оған 21 ақпан күні өтетін Ресей эстрадасының жұлдыздары Л. Агутин мен А. Варум концертінің билеттерін ұйымдастырушылардан тегін алмақ болды деген айып тағылды. 1 және 2 қатардағы 26 билеттің жалпы құны – 416 мың теңге.

Айдос Жетпісбаев, СҚО бойынша ЭСЖКД тергеу басқармасының бастығы:
-Талғат Ақылбеков 19 ақпан күні ұсталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 311-бабының 4 пунктісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Қаржы полицейлеріне ұйымдастырушылардың бірі шағым түсіріпті.

Айдос Жетпісбаев, СҚО бойынша ЭҚСЖ қарсы күрес департаменті тергеу басқармасының бастығы:
-Ол ұйымдастырушы қажетті билеттерді бермеген жағдайда концертті өткізуге ғимарат берілмейтіндігін айтқан. Осылайша, әрқайсысы 16 мың теңгенің билетін қолды етпек болған. Қазіргі таңда облыстық мәдениет басқармасының бастығы уақытша қамау изоляторында.

Концерттің күні және өткізілу орны өзгермепті. Өзге ақпарат тергеу аяқталғанша таратылмайды дейді қаржы полицейлері.

Инеш Шоқақова