Қоғам

Жаңа кітаптардың тұсаукесері

 

 

 

Алғашқы жинақ өңір мұрағаттары қызметкерлерінің еңбегінің қорытындысы іспетті. Топтамаға елдің дамуына қомақты үлес қосқан, танымал 130 жерлесіміздің есімдері енген. Кітап 5 бөлімнен тұрады. Жинақтан Социалистік еңбек ерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлері жайлы мол мағлұмат алуға болады. Әзірге 300 данамен басылған кітапқа қажетті материалдарды мұрағат қызметкерлері 3 ай көлемінде жинаған.

Сәуле Мәлікова, СҚО мемлекеттік мұрағатының директоры:
-«Қазақстанның Еңбек ерлері» атты кітаптың екінші сериясы болып табылады. Үшінші сериясы да дайындалуда. Ол ҰОС жылдарында ерлік көрсеткен солтүстікқазақстандықтар жөнінде. Екінші кітап дәстүрлі түрде шығады.  

Бұл күні мұрағат қызметкерлері оқырманға тағы бір жинақты ұсынды. Мұнда СҚО-ғы 2013 жылдың атаулы және есте қаларлық күндері енгізілген. Мамандар мұндай күнтізбені шығару 1975 жылдан бері тәжірибеде бар дейді. Жинаққа Қожаберген жыраудың 350 жылдығы, жерлес ақын Мағжанның 120 жылдығы жайлы мағлұмат берілген. Сондай-ақ биыл облыстық мемелекеттік мұрағаттың құрылғанына 90 жыл толады екен.
Өткен жыл бұл мұрағат үшін аса табысты жыл болды. Архивке түскен құжаттардың саны өсіп, құнды жәдігерлерді сақтаудың сапасы жақсарды. Мәселен 2011 жылы 7369 құжат сақталуға тапсырылса, 2012 жылы оның саны 7397 жеткен. Және былтырғы жылы өңірімізде ең үздік мұрағат атауына да ие болған. Бүгінде өңірде 15 мұрағат жұмыс істейді. Онда 1 жарым миллионға жуық құжат сақталған.

Рустам Бикенев, СҚО мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бастығы:
– Облыстың дамуына мұрағаттың қызметкерлері де өз үлесін қосты. Себебі мұнда көптеген мәліметтер сақталған. Біздің тарапымыздан көрсетілетін қызметтер жоспарлы түрде орындалды.  

Жиын соңында еңбегімен ерекшеленген бірқатар өңіріміздің мұрағат қызметкерлері облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұл жолы ондай құрметке М.Жұмабев, Шал ақын, Тайынша, Есіл және Уалиханов аудандары архивтерінің қызметкерлері лайық деп табылды.

Гүлбану Ахметова