Білім

Химия пәні мұғалімдері арасындағы білім сынағы

Бұл жолы мұғалімдер оқушыларға сабақ беру үшін емес, өздерінің таңдап алған пәндерін қаншалықты жақсы білетіндіктерін сынауға жиналды. 13 жылдық еңбек өтілі бар Күлизат Қантаева қалалық классикалық гимназияда химия пәнінен сабақ береді. Әріптестерінің арасындағы осы сынды пән олимпиадасына оның алғаш рет қатысуы. Ол оқушылардың сабақты тез түсінуі үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданады екен.

Күлизат Қантаева, қалалық классикалық гимназияның химия пәні мұғалімі:
– Өз жұмысымда қолданатын әдістерім: модульдік технология және сыни тұрғыда ойлау. Балалардың білімін көтеру бағытында осындай әдістерді қолданамыз. Мұнда жалпы бөлімді, әрбір тарауды бірнеше кезеңдерге бөліп оқытамыз.

Аталған сайысты білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы өткізіп отыр. Ондағы мақсат – мұғалімнің біліктілігін арттыруда жаңа әдістерді меңгерту.

Гүлнар Арықпаева, білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры:
– Мұғалімнің кәсіби біліктілігін дамыту білім беру жүйесін жаңартумен байланысты. Жыл соңына дейін біздің орталық 3 пән олимпиадасын өткізуді жоспарлап отыр. Ол ағылшын тілі бойынша, орыс тілінде сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері арасында және қазақ мектептерінде орыс тілі және әдебиетінен сабақ беретін ұстаздар арасында өткізілмек.  

Олимпиада шарты бойынша әр мұғалім алдымен өзін таныстыруы керек. Екінші кезеңде теориялық білімін тест тапсырмаларын шешу арқылы көрсетсе, соңғы кезеңінде лабораториялық зертханада практикалық білімін ортаға салады. Бірінің тәжірибесі мол, бірі оқытуды енді ғана бастаған мұғалімдердің қайсысы болмасын барынша жақсы дайындалып келіпті.

Татьяна Савинская, №1 Мамлют мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі.
– Осы олимпиадаға дайындалу барысында өткен жылғы тест сұрақтарын қарадым. Органикалық, бейорганикалық химияға қатысты материалдарды қайталап шықтым. Оқушыларым аудандық олимпиадаларға қатысып, 2-3-орындардан көрініп жүр.

Олимпиада жеңімпаздары дипломмен марапатталып, барлық қатысқан мұғалімдерге сертификат тапсырылмақ. Аталған құжат олардың кезекті аттестациядан өту кезінде көмекші құралына айналмақ.

Әспет Әбдірешова