Спорт

Боксшылар қоржынында – 9 медаль

Евгений Павловтың боксқа ден қойғанына 4 жыл болыпты. Ұзақ жаттығулар мен дайындықтар жемісін бермей қоймаған. Шу қаласында өткен жарыста ол қарсыластарын тізе бүктіріп, алтыннан алқа тағынды.

Евгений Павлов, бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
-Бұған дейін бірнеше жарысқа қатысқан болатынмын. Бұл сайыста төрт кездесу өткіздім. Олардың үшеуінде қарсыластарымнан басым түстім. Жеткен жетістіктерім үшін өте қуаныштымын.

Республикалық турнир еліміздің әр аймағынан 200-ден астам боксшыны жинаған. СҚО намысын байрақты додада 16 спортшы қорғапты.

Денис Языков, бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы:
– Жарысқа Тараз, Шымкент, Қостанай, Алматы, Астана қалаларының спортшылары қатысты. Жалпыкомандалық есепте Солтүстік Қазақстан облысы екінші орынға ие болды. Оңтүстікте бокс жақсы дамыған. Сондықтан да спортшыларымыз олармен салыстырғанда бұл додада өздерін жақсы көрсетті

Жаттықтырушылардың еңбегі жанды. Олардың шәкірттері болашақта талай асуларды бағындырамыз деп отыр.

Тимур Биннатов, бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
– Жарыс өте жақсы өтті. Мен үшін ең қиыны Қапшағай қаласынан келген спортшымен өткен кездесу болды.

Алдияр Кәкімов, бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
– Мен Шу қаласындағы жарыста 56 келі салмақта екінші орынға ие болдым. Жарыста екі кездесу өткізіп, оның біреуін жеңдім.

Республикалық жарыста спортшылар 18 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен. Қазір олар кезекті жаттығуларына қатысып, алдағы жарыстарға дайындық үстінде.

Әспет Әбдірешова