Қоғам

Жөргекпұл төлеудегі өзгеріс

Еліміздің «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңындағы өзгерістер қазақстандық ханымдардың тек 6 мыңына қатысты. Өйткені дәл осынша әйелдің жалақысы 200 мың теңгеден асады екен. Ал бұл сомадан төмен еңбекақы алатындар үшін бір реттік төлемақы мөлшері өзгермейді.

Арай Нұғыманова, СҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы:
– Бұл өзгерістер ақпанның 17-нен бастап еңбекке жарамсыз деп танылған әйелдерге қатысты. Қазіргі таңда елімізде 5 млн теңгеден астам әлеуметтік аударылымдар жүргізіліп жатыр. Оның 2,8 млн-ы әйел адамдарға. Еліміздегі әйелдердің 1,2 пайызы ғана 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен жоғары жалақы алады.  

Олардың алатын жөргекпұлдары бұған дейін 2 млн теңгеден де жоғары болған. Енді 783 мың теңгеден аспайтын болады. Арадағы айырмашылықты жұмыс берушінің төлеуі қажет. Сондай-ақ балаға 1 жасқа дейін берілетін әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тәртібіне де өзгерістер енгізілді.

Арай Нұғыманова, СҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы:
Осы төлемді тағайындауда жаңа құжат қосылды. Ол бала тууға байланысты еңбекақысы сақталусыз демалысын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін ұсыну керек. Ал жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар салық органдарына жеке кәсіпкерліктің жұмысын тоқтату туралы құжаттың көшірмесін ұсыну керек.

Назым Сейдахметова осыдан 5 күн бұрын ғана нәрестелі болды. Кішкентай Аружан үшін алған жәрдемақыға көңілім толады дейді ол. Бастысы, әлеуметтік төлемақының мөлшері емес, бала сүю бақытының бұйыруы.

Назым Сейдахметова:
Мен балабақшада жұмыс істедім. Қолыма алған төлемақыға көңілім толады. Заңдағы өзгерістерді қолдаймын. Өйткені әлеуметтік теңдік болуы қажет.

Өңірімізде жалақысы 186 мың теңгеден асатын әйелдер саусақпен санарлықтай. Сондықтан бұл өзгерістер солтүстікқазақстандықтарды аса алаңдата қоймады.

Инеш Шоқақова