Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларының рейді



 

 

Мына үйдің қожайындары ішімдікке әуес әйел мен оның 20 жастағы ұлы. Екеуі де жұмыссыз. Сондықтан тәртіп сақшылары бұл отбасына аптасына екі рет келіп, тексеріп отырады. Ойқала ықшам ауданында мұндай 30 отбасы бар. Солардың бірі мына үйге жақында көшіп келіпті.

Александр Розбах, Ойқала ықшам ауданының учаскелік аға инспекторы:
– Жалпы аудандағы криминогенді жағдай тұрақты. Бұл ауданда бізде тіркеуде тұрған және бұрын істі болған 350, ерекше назарға алынған 25, сондай ақ 54 маскүнем тұрады.

Тәртіп сақшылары сондай-ақ ертеректе сотталған, мерзімінен бұрын түзету мекемелерінен босатылған және алкогольді ішімдікті шамадан тыс қолданатын азаматтарды мекен-жайлары бойынша тексерді. Рейд барысында тәртіп сақшылары ұсақ заң бұзушылықтарды анықтауға да баса назар аударды. Қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 34 адам және ішімдік ішкені үшін 36 тұлғаға айыппұл салынды.

-Мен үйде отырып, іштім

-Таң атпай ма?

-Иә

-Кіммен?

-Жалғыз.

Рейд кезінде тәртіп сақшылар мыңнан астам үйді тексерді. Нәтижесінде із-түзсіз кеткендер қатарында жүрген үш азаматтың мекені анықталды. Сондай-ақ тұрғындардан заңсыз сақталған 11 қару тәркіленіп, 129 әкімшілік заң бұзушылық тіркелді.

Инеш Шоқақова