Білім

Колледждер түлектерді шақырады

 

Сахнада алғашқылардың бірі болып өз білім ордаларын өнер колледжі таныстырды. Мұнда шетінен ән, би және актерлік шеберлікке жаны жақын өнерлі студенттер оқиды екен. Солардың бірі  – хореография бөлімінің 3 курс студенті Айдана Сағатова.

 Айдана Сағатова, өнер колледжінің студенті:
– Өнер колледжі жақсы дамыған. Оның ішінде бәрі де бар. Өнер колледжіне түскісі келетіндердің бәрін бізге шақырамыз. Өздерінің өнер жағын дамытқысы келсе, біздің колледжге келсін.

Жастар слетінің барысында әр команда өздерінің дайындап әкелген биімен ортаға шығып, болашақта қай сала бойынша кәсіп меңгеріп шығатындарын аңғартты.

Аида Ерденова, білім беру саласындағы әдіскерлік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:
Аталмыш шараны жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Оның мақсаты – мектеп оқушыларын орта арнаулы білім беру мекемелері жайлы ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бүгін әр команда өз оқу орны жайлы айтып, дұрыс таңдау жасауға кеңес береді.  

Әр білім ордасы өздері жайлы жақсы ой қалдыруға тырысып бақты. Аталған шара негізінен жастарды техникалық қызмет көрсету саласына тартуға бағытталған.

 Вячеслав Титов, Петропавл қаласы машина жасау колледжінің студенті:
– Біздің мақсатымыз – өзіміздің колледж жайлы ақпарат беріп, оқушылардың қызығушылығын арттыру. Бүгінде машина жасау саласындағы мамандар өте қажет деп санаймын. Колледждегі оқытушылар құрамы өте жақсы. Сондықтан оқушыларды бізге шақырамыз.

Барлығы бұл шараға облыс аумағындағы кәсіптік білім беру мекемелерінен 12 команда қатысты.

Әспет Әбдірешова