Спорт

Грек-рим күресінен қала біріншілігі

 
Дәстүрлі додаға 1996 жылы туғандар мен одан кіші жастағы спортшылар қатысуда. Олар 15 салмақ дәрежесінде сынға түспек. Биылғы жарыста өз мүмкіндігін көрсетуге облысымыздың түкпір-түкпірінен 117 үміткер келіпті.

Ғалым Өркешов, күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
-Ашық біріншілікке қала командалары: «Жеңіс» спорт мектебі, спортинтернат, күрес мектебінің оқушыларын және аудандардың спортшыларын шақырдық. Осы жарыс алдағы үлкен жарыстарға іріктеу болып саналады.

Бүгінгі сында өз шеберліктерін барынша көрсеткендер ел көлеміндегі жарыста өңіріміздің намысын қорғамақ. Республикалық чемпионат ақпан айының соңында Жезқазған қаласында өтетін болады. 16 жастағы Аманғали Бекболатов өткен жылы ел чемпионы атанған. Ол биыл да осындай нәтижеге қол жеткізетініне сенімді. Аманғали 46 келі салмақ дәрежесінде күресетін болады.

Аманғали Бекболатов, күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:

Ғалым Өркешов, күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
-Ашық біріншілікке қала командалары: «Жеңіс» спорт мектебі, спортинтернат, күрес мектебінің оқушыларын және аудандардың спортшыларын шақырдық. Осы жарыс алдағы үлкен жарыстарға іріктеу болып саналады.

Бүгінгі сында өз шеберліктерін барынша көрсеткендер ел көлеміндегі жарыста өңіріміздің намысын қорғамақ.

 ҚР біріншілігіне дайындалып жатырмыз. Дайындығымыз өте жақсы өтіп жатыр. Күніне 2 рет жаттығамыз. Жарыста ұтамын деп ойлаймын. Өз-өзіме сенімдімін. Өйткені, барлық қарсыластарымды білемін. Олармен бұған дейін күрескенмін.

Дмитрий Воробьевқа да республикалық чемпионатқа қатысу мәртебесі бұйырыпты. Жерлесіміз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдаланамын деп отыр. Бұл мақсатына жету үшін Дмитрий біраз жаттыққан көрінеді.

Дмитрий Воробьев, «Жеңіс» олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
Ақпан айының соңында республикалық сында бағымды сынаймын. Алтын алқа ұтып аламын деген үміттемін. Өткен жылы сәл жолым болмады. Биыл есемді қайтармақ ойым бар. Бүгінгі жарыста күшімді тексеріп жатырмын. Дайындық барысында техникаға көп мән бердім.

Қаланың ашық чемпионатында жүлделі орын алғандар медаль және мақтау қағазымен марапатталды.

Айдана Демесінова