Қоғам

Құтқарушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы



 

 Отырыс бірден ұсыныстан басталды. Жиынға қатысушылар ТЖМ-нің аумақтық органында жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құру қажет дейді. Бұл жемқорлықты жоюға жол ашпақ.

Нұрлан Атығаев, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:
– Қызметкерлері жемқорлыққа жол берген құрылымдардың басшыларын жауапкершілікке тарту тәжірибесі қолданылады. Нысандарды қабылдау кезінде көз қысты, бармақ басты әрекеттерге жол бермеу, біздің қызметкерлер тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз тексеру фактілері жіті бақыланады.

Мұндай кездесулер жиі өткізіле бермейді. Сондықтан көтерілген мәселелер аз болмады. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бұл бос сөз күйінде қалмайды дейді.

Евгений Журавлев, СҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметкері:
Жемқорлық індеті бір ғана мекемеге қатысты емес. Сондықтан оны бірлесе жою қажет. Дөңгелек үстел барысында арнайы жоспар құрып, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырдық.

Жиын соңында департамент пен кәсіпкерлер арасында өзара әріптестік  орнату жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Инеш Шоқақова