Қоғам

Ауған жеріндегі соғыстың аяқталғанына 24 жыл



 

 

Ауған соғысының аяқталғанына қанша жыл өтсе де, оның салған жарасы мен зардабы ел есінде мәңгілік сақталады. Сол кезде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған өрімдей жастардың көбі өздерінің майданға түсетінінен хабарсыз болатын. Алайда олардың батылдығы мен батырлығын әрқашан есімізде сақтаймыз дейді аға буын өкілдері.

Қосман Бегалинов, Ауған соғысының ардагері:
– Әскери жолдастық жеңіске жетуге көп көмек көрсетті. Солдаттардың қайраткерлігі келе жатқан жастарға үлгі болады деп есептеймін.

Ауған жеріндегі соғысқа 1500 жерлесіміз шақырылған, оның ішінде 46-сы майданда қаза болды. Соғыстың қаншалықты азапты болғанын оны басынан өткерген адам ғана түсіне алады дейді ауған соғысының ардагері Виктор Насонов.

 Виктор Насонов, ауған соғысының ардагері:
– Жоғары әскери училищені бітіргенім жаңа еді, арнайы командалық жасақпен Ауған жеріне жіберді бізді. Ауғанстанда Кеңес әскері 1979 жылы 25 желтоқсаннан барды. Алғашқы ұрыстардың бірі Салангта өтті. Парашютті-десант  бөлімшесін басқардым.

Жоғары әскери оқу орнын бітіргеннен кейін соғысуға деген машығым болса да, ондағы жағдай біз ойлағандай болмады дейді ардагер.

 Виктор Насонов, Ауған соғысының ардагері:
– Әскери дайындықсыз келген 18-20 жастағы жігіттер үшін өте ауыр болды. Себебі олар қандай тактика қолдану керектігінен бейхабар болды. Сондықтан бұл соғыс кімге болмасын ауыр тиді. Ешкімнің басына мұндайды бермесін. 

Ауған соғысында қаза болғандарға құран оқылып, жиналғандар бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әспет Әбдірешова