Балалар

Жоғары оқу орындарында Жолдау жүктеген міндеттер жүзеге асырылуда



 

Елбасы «Қазақстан-2050»  стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында 2050 жылға дейін озық 30 елдің қатарына ену міндетін қойған еді. Бұл мақсатқа жету үшін – көзі ашық, көкірегі ояу жастарды тәрбиелеуіміз қажет. Ендеше заманауи жабдықтарды пайдаланып, білім беру сапасын жақсартқан жөн. Президенттің тапсырмасын орындауға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ де атсалысып келеді. Сондықтан Республикалық ақпараттық-насихат тобы бұл білім ордасының студенттерімен де кездесті.

Жанат Ешмағамбетов, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы:
-Президент маңызды құжатта сауаттылығы жоғары елге айналу керек деп айтты. Бұл бағытта оқытушыларға артылатын жүк ауыр. Өйткені білімді ді білікті мамандарды тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда. Елбасымыз жұмыспен қамту мәселесіне де көңіл бөледі. Сондықтан жас мамандарды жұмысқа орналастыру басты назарда .

Білім ордасының оқытушылары маңызды құжатты жүзеге асыру бағытында оқыту әдістемелерін жаңғыртуға кірісіпті. Қашықтықтан оқыту жүйесі де біртіндеп алға жылжып жатқан көрінеді. Білім ордасы Ресейдің бірқатар жоғары оқу орындарымен келісімшартқа тұрыпты. Осыған сәйкес университет студенттеріне  2 диплом алу мүмкіндігі туды. Өзге де жұмыстар жасалып жатыр.

Александр Тукачев, “Нұр Отан” ХДП СҚО “Болашақ” филиалының төрағасы:
-“ЭКСПО- 2017” көрмесін жақсы өткізу үшін энергия үнемдеу бағытында зерттеулер жүргізіп, біз де үлесімізді қоспақпыз. Жемқорлықтың түбіне балта шабу үшін біраз жұмыс жасайтын боламыз. Жастардың саясатқа қызығушылық танытатыны қуантады. 

Алға қойған мақсатқа жетуде Ұлт көшбасшысы кейінгі толқын өкілдеріне зор үміт артып отыр. Мұны солтүстікқазақстандық жастар жақсы түсінеді. Әрбірі еліміздің өркендеуіне ең алдымен білікті маман болып, кейін өз саласында аянбай еңбектенуге әзір.

-Осы заманға сай еңбек етуге, білім алуға, жаңашылдықтарға жетуге, осының барлығын Отан үшін жұмсауға шақырды. Енді біздің тарапымыздан осы жолдауда айтылған әрбір бағытты орындап, семинарлар өткізіп, пікірсайыс өткізіп, үлкен проблемаларды көтеріп, оны шешу үшін механизмдер құрастыру қажет.
-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға көп көңіл бөледі. Кейінгі ұрпақ инновациялық технологияларды жақсы меңгеруі тиіс, жаңашылдықтарға жақын болуы қажет. Бүгінде университетте Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында сан алуан жұмыстар атқарылып келеді.

Айдана Демесінова