Мәдениет

Ғ.Мүсірепов атындағы кітапхананың мерейтойы

 

 

Осыдан 50 жыл бұрын Петропавлда өңір балдырғандарына арналып облыстық кітапхана ашылды. Содан бері талай өзгерістер орын алған. Әдебиет қоры ұлғайып, 200 мыңға жетіпті. Кітапхананың тұрақты 14 мыңнан астам оқырманы бар.

Майра Мақышева, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың бөлім жетекшісі:
-Біздің кітапханаға мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар студенттер, балалар оқуының жетекшілері келіп қызметімізді пайдаланады. Осы маңайда тұратын зейнеткерлер де келеді.

Кітапхананың 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға балалар ақыны Гүлбаршын Мұқанова да келіпті. Шығармашыл тұлғаның туындыларының балдырғандар арасында кең танылуына осы кітап үйі қызметкерлерінің тигізген үлесі зор.

Гүлбаршын Мұқанова, балалар ақыны:
Осы кітапхананың ұжымына алғысымды айтамын. Өйткені мені ешкім білмегенде мені осылар оқушыларға таныстырып, өздері кітап шығарып, таратты. Менің тақпақтарымды ұнатып балаларға таратса, қай ақын болсын рахмет деп айтады.

Мерейтой қонақтарының арасында жастар да бар. Фариза Батырханова кітапхананың тұрақты оқырманы. Бұл жерге ол 4 жасынан бастап келеді екен.

Фариза Батырханова, оқырман:
Мен көптеген қызықты кітаптарды алып оқимын. Олар өте қызықты. “Ағайынды Гримм” ертегілері, “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” деген кітаптарды ұнатамын.

Кітапхананың 50 жылдығында үздік кітапханашылар марапатқа ие болды.

Айдана  Демесінова