Құқық қорғау органдары

Петропавлда қоғамдық жасақтар құрылады

 

Бұл мәселе облыстық ішкі істер департаментінде өткен кеңесте егжей-тегжейлі талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов та қатысты. Кеңес барысында осыған дейін тиімділігімен танылған “Көршілер бақылауы” бағдарламасы жайлы сөз болды. 2012 жылы заңбұзушылықтар саны алдыңғы жылға қарағанда 13 пайызға көп тіркелсе, ауыр қылмыс 17 пайызға азайған екен. Сол себепті, полицейлер қоғамдық жасақтың арқасында бұл көрсеткішті азайтуға септігін тигізуді көздеп отыр. Жоба тұрғындар тарапынан да қолдауға ие болған. Енді еріктілерден құрылған жасақ мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ақпан айының соңына қарай қала көшелерін аралай бастайды.

Гүлбану Ахметова