Қоғам

Жеке басты куәландыратын құжаттар

 

 

 
Жаңа заңға сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттардың саны – 11. Оған ҚР азаматының паспорты, жеке куәлігі, босқын куәлігі, ҚР дипломаттық және шетелдік паспорты сынды құжаттар жатады.

Медет Сағди, Петропавл қаласының ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы:
Бұған дейін мұндай заң болмағандықтан, егер құжатта адамның фотосуреті мен аты-жөні жазылған болса, құжат жеке басты куәландырады деп саналған. Мәселен, әскери билет және жүргізуші куәлігі.

Қазір бұл құжаттар жеке басты куәландырмайды. Заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендірілді. Оларды беру және жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелді.

Медет Сағди, Петропавл қаласының ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы:
Азамат өз тегін және аты-жөнін өзгерткен жағдайда. АХАЖ органдарында тегін өзгерткені жайлы куәлік беріледі. Оны алғаннан соң 1 ай ішінде құжатты өзгерту керек. Жеке куәліктің түпнұсқа  екенін дәлелдеу мүмкін болса да, құжат жарамсыз деп танылады.

Ал жарамсыз құжатпен жүрген азамат екінші күні бірден жауапкершілікке тартылады. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алу тәртібіне бұдан өзге де жаңашылдықтар енгізілген болатын. Мәселен, дүниеге енді келген сәбиге де ҚР азаматының паспортын рәсімдеуге болады.

Инеш Шоқақова