Балалар

Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу

 

Жастар арасындағы заңбұзушылықтарды болдырмау үшін бала тәрбиесіне оқытушылармен қатар ата-аналар да бірдей атсалысуы қажет. Дегенмен бұл міндетті тиісінше орындамайтын ата-аналар да баршылық. Көбіне мұндай жағдайлар тұрмыс қауқары төмен отбастарында жиі кездеседі. Полицейлер қылмыстардың алдын алу мақсатында рейд жүргізіп тұрады.

Асылбек Рамазанов, Петропавл қаласы ІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полицияның инспекторы:
Нәтижесінде 37 жасөспірім мен 27 ата-ана есепке қойылды. Бұл ата-аналар бала тәрбиесімен қажет деңгейде айналыспаған. Жалпы тізімде 291 кәмелетке толмаған жасөспірім мен 268 тұрмыс жағдайы төмен отбасы бар.

Бұл тұста әр жасөспіріммен жеке жұмыс жүргізіп үлгеру қажет. Оқытушылар мұндай әңгімелердің берері мол дейді.

Роза Нұрмолдина, СҚ медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Әңгімеге әр түрлі мамандар шақырылды.  Солармен бірге осы мәселені шешуге тырысамыз.

Тәрбиелік іс-шаралар  өз жемісін беруде дейді мамандар. Өткен жылмен салыстырғанда қаладағы жасөспірімдердің қылмыс жасауы 62 пайызға төмендепті. Жастар ұйымдарының жұмысына жасөспірімдерді тарту, спортқа баулу. Бұл кәмелеттік жасқа толмағандарды жағымсыз әрекеттерден аулақ ұстаудың бірден-бір амалы.

Инеш Шоқақова