ТКШ

Капай қар астында қалды

 

 

УАЗ көлігі Кпай шағын ауданының бұрылысында тоқтап қалды. Оған себеп – жолдардың тазаланбауы. Биыл қар да мол түскен. Ал бұл темір тұлпардағы ақ халаттылар 3 күн бұрын Нұрсейітовтер жанұясында дүниеге келген сәбидің денсаулығын тексеруге шыққан. Абырой болғанда олардың барар жері жақын болып, медициналық қызметкерлер нәрестеге жаяу жетті.

Досым Нұрсейітов:
-Осы жерге келген-кеткен машиналардың барлығы батып қалады. Үйден күрек алып шығып көмектесеміз. Ешкім тазаламайды келіп оны. Өзіміз күрекпен есік алдынан алып тастаймыз. «Жедел жәрдем» машинасы келді, үйдің қасына жете алмай батып қалды.  

Опа қарға батып қалған темір тұлпарды шығару үшін дәл осындай көлік көмекке келді. Бұл – балалар емханасы дәрігерлерінің жұмысын сәл бәсеңдеткен көрінеді. Өйткені дәл осы сәтте 2 бірдей УАЗ автокөлігі тиісінше пайдаланылмады. Жүргізуші мұндай келеңсіздікке алғаш рет тап болған жоқ. Оның айтуынша бұл сияқты оқиғалар жеке үй секторында жиі қайталанады екен.

Валерий Украинцев, қалалық балалар емханасының автокөлік жүргізушісі:
Жер үйлер көп орналасқан аудандардың барлығының жайы осындай. Жолдар қардан тазаланбайды. Осыған байланысты көлік батып қалады.

Медициналық машина құтқарылды. Алайда тұрғындар төтенше жағдай болып, мұндай оқыс оқиға қайталанса, «Жедел жәрдем» күткен науқастың жайы не болады деп үрейленуде.

Марқаш Қасенов:

Жол жоқ. Мынау араға кішкене асфальт салып, сол жақсы болды. Свет тартты. Оған рахмет. Айнала жарық. Әкімдердің құлағына алтын сырға. Бізге трактор жіберіп тұрса, ақшасын төлейік өзі. Өрт шыға ма деп қорқасын. Мына маңай жаман. 

Светлана Егорова:
Проблема наурыз айында, күн жылыған кезде пайда болады. Ертең суға батамыз. Өйткені қарды өзіміз шығара алмаймыз. Жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері бұл жерден өте алмайды. Бұрын техника жалдап, қарды шығаратынбыз. Қазір қалтамыз көтермейді.

Қаланы қардан тазарту мәселесі бойынша жауапты адамдарды әңгімеге тарттық. Олардың айтуынша, бұл жұмыс облыс орталығында кестеге сәйкес жүргізілуде. Сондықтан Копай ауданының тұрғындарына сәл күте тұруға тура келеді.

 Сейілжан Тастеміров, Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Қазіргі күні 9 учаскіде қар шығарылып жатыр. Бригадалар микрорайондарға бөлінген. Бүгінгі таңда Жұмысшы кентінде, Бензостройда, Ойқалада, ДСР жақта қар шығару жұмыстары жүріп жатыр. Бізде кесте жасалынған. Осы кесте бойынша қар шығарылады. Капай ауданында февраль айының 20-25 кесте бойынша қар шығаруға кіріседі. Ең алдымен Копай жаққа барғанда Әуезов көшесінен шығарылады. Содан кейін ішкі көшелерге кіреміз.

Көшелерді тазалауға 90-нан астам техника мен 160 жұмыс күші тартылған. Бүгінге дейін қаламыздан 265 мың теше метр қар шығарылыпты.

Айдана Демесінова