Білім

Білім беру саласын дамыту мәселелері



 

Үстел басында СҚО бойынша білім саласын бақылау департаментінің қызметкерлері мен ардагер ұстаздар отыр. Дастархан басындағы әңгіме өңіріміздегі балалардың тәрбиесі мен білім беру сапасы төңірегінде өрбіді. Мұндай кездесулердің бұл саланың дамуына тигізер үлесі зор дейді ұйымдастырушылар.

Татьяна Гапчич, СҚО бойынша білім саласын бақылау департаментінің бөлім бастығы:
Біз өз жұмысымызға білім беру саласының ардагерлерін де тартқымыз келеді. Өйткен олардың тәжірибелері мен білімі біз үшін құнды. Біздің жұмысымыз жайлы олардың пікірін, ұсыныстарын, кеңестерін білгіміз келеді.

Жиылғандардың пікірінше, ұстаздар әрдайым білімдерін шыңдап отыруы тиіс. Сонда ғана білім беру сапасы артпақ. Биыл біліктілігін арттыру мақсатында облыс мұғалімдері өз қаражатынан 34 млн теңге жұмсапты. Осылайша ағымдағы жылы бір мың оқытушы қайта даярлау курстарынан өткен.

 Әдия Ахметова, білім саласының ардагері:
-Бүгінгі кездесудіің маңызы зор деп айтамын. Себебі бұл кездесуде ардагер ұстаздардың ой-пікірін жинақтап жатыр. Білім саласында істеп жатқан кадрлардың біліктілігіне көңіл аудару керек. Кемшіліктер әлі де бар көрінеді. Әсіресе ауыл мектептерінде. Себебі онда пән мұғалімдері жетіспейді.

Алдағы уақытта да мұндай маңызды кездесулерді ұйымдастыру жоспарда бар.

Айдана Демесінова