Ауыл шаруашылығы

Балықтарға көмек

 



Қыс маусымында мұз астындағы балықтарға қажетті оттегінің жеткізілуі өте маңызды. Бұл олардың қыстан аман шығуы үшін қажетті. Пестрое көлінде аэрация жұмыстары қаңтар айының басынан бері жүргізіліп келеді. Қазір мұнда 3 сорғыш орнатылған. Құрылғылардың көмегімен мұзойықтарға қажетті оттегі жіберіледі. Олардың әрқайсысы сағатына 100 текше метр оттегін айдауға қауқарлы.

Анатолий Никитичев, «Ника-Гарант» ЖШС директоры, Пестрое көлін жалға алушы:
Қаңтар айының басында оттегі мөлшері – 2,45-ті көрсетті. Бұл өте аз. Өткен жылы мұндай көрсеткіш наурыз айында болған. Бүгінде мұндағы балықтардың бәрі тірі. Оларды негізінен кешкілік уақытта көруге болады.

Облыс аумағында 374 су қоймасы бар, оның 255-і ұзақ мерзімге жалға берілген. Суға оттегі жіберу жұмыстары бүгінде 30-дан астам өзен-көлдерде жүргізілуде.

Марат Есімсейітов, СҚО бойынша балық инспекциясының бөлім бастығы:
Су қоймаларының 60-ына міндетті түрде аэрация жүргізу керек. Биылғы жылы табиғат пайдаланушылар үшін климаттық жағдай аздап қиындық туғызды. Ақпан айының соңына дейін бағалы балық түрлері бар су қоймаларын жалға алушылар тегістей аэрация жүргізеді.

Биылғы қыста қар көп жауды, саршұнақ аяздың ызғары да қатты болды. Сондықтан табиғат пайдаланушылар осы уақытта балықтарды аман сақтап қалу басты мәселе дейді.

Владимир Кульбакин, СҚО бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
Кейбір балықтар қатты қыстан аман шыға алмайды. Біздің суқоймаларда шамамен 60 жалға алушы бағалы балық түрлерін жібереді. Олар ақ балық, тұқы сынды балықтар. Аэрация жұмыстары Мамлют, Қызылжар, Аққайың аудандарында да жүргізілуде. Өткен жылы балықтың қатып қалуы сында жағдайлар болған жоқ.

Негізінен мұнда тұқы, шортан, мөңке сынды балық түрлері бар. Су жәндіктеріне қажетті оттегін жіберу жұмыстарын күн жылынғанша жүргіземіз дейді мамандар.

 Әспет Әбдірешова