Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Самат Ескендіров өңір ардагерлерімен кездесті

 

Алдымен өңір жетекшісі облыстық ардагерлер кеңесінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Жуырда ұйымның игілігіне 9 кабинет берілген екен. Содан кейін Самат Ескендіров аға буын өкілдерімен кездесті. Ардагерлер ұйымы  25 жыл бұрын құрылған. Бүгінде өңірде 727 бастауыш ұйымы бар. Олардың   67 мыңнан астам  мүшесі бар. Әрбірі жергілікті атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Басты міндет  – аға буын өкілдерін қамқорлыққа бөлеу.

Ескендір Елеусізов,облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Ардагерлер ұйымдары қарт адамдардың құқықтары мен мүд­де­лерін қорғап қана қоймай, мемлекеттің саяси-қоғамдық өмірінде біте қайнасып жүр. Әсіресе, Ел басы Жолдауын насихаттауға атсалысып келеміз. Белсенді мүшелеріміз – еліміздегі тұрақтылық пен татулықты нығайтуда, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде мық­ты тірек болып отыр.

Ұйымның жұмысы құрметті демалыстағы қариялардың қоғамнан шет қалмағанын көрсетеді. Ардагерлердің ерен еңбегі мен қажырлы жігері – бүгінгі толағай жетістіктердің негізін қалағаны сөзсіз. Самат Ескендіров жиналғандарды облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайлы құлағдар етті.

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:
Өңірдің даму деңгейі жаман емес. Біршама көрсеткіштер бойынша еліміздің үлгілі облыстарының санатына кіреміз. Оны дамыту үшін бізде мүмкіндіктер жетіп асады. Азға қанағат етпей, жұмыс жасау қажет. Бірінші кезекте аграрлы өңірдің бар артықшылығын пайдаланған жөн. Егін алқаптарын бекіттік. Биыл мал азығын көбірек егеміз.

Жиналғандар қоздырғыш ауру жұқтырған 700 австриялық асыл тұқымды төлдердің тағдырын сұрастырды.

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:
Мен мәселеге тап болған шаруа қожалықтарының басшыларымен кездестім. Бастысы – агроқұрылымдарды шығынға ұшыратпау. Жоғары өнімді торпақтар «Қазагрофинанстың» лизингіне алынған, біздің аграрийлер бастапқы жарналарын төлеген. 5 ай бойы бағып-күтті. Ендігі мақсат – серіктестікке тиетін залалдың орнын толтырудың амалдарын қарастыру.

Облыс әкімі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жылыту маусымының барысы жайына да тоқталып өтті. Жиында бейнеттің зейнетін татып отырған қариялар өздерін толғандырып жүрген мәселелері мен бірқатар ұсыныстарын да ортаға салды.

Григорий Кухарь, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– “Жеңіс” саябағын жаңғырту жұмыстары жалғасын тапса жақсы болар еді. Біз онда жерлес ҰОС батырларының аллеясын құруды ұсынып отырмыз. Есімдері ұмытылмай, жастарға үлгі болып, патриоттық рухты оятудың таптырмас жолы ғой. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің қызығушылығын тудыру үшін түрлі әткеншектер орнатылса дейміз.

Самат Ескендіров айтылған жаны бар ұсыныс қолдау табатынын жеткізді.

Болат Сағындықов, “Память” қоғамдық қорының төрағасы:
Былтыр саяси қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне ескерткіш тұрғызылды. Еске алу тақтасына солақай саясаттың жазықсыз құрбаны болған 8 мыңға жуық азаматтың есімі қашалып, тарихта қалды. Бұндай игі шаруа тек біздің облыста қолға алынды. Мемориалдық кешеннің жанынан енді мұражай ашқымыз келеді.

Өңір жетекшісі өтінішті назарға алды. Самат Ескендіров жиналғандарды алаңдататын өзге де әлеуметтік сауалдарына жауап берді. Қарттарға мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлықтың үзілмейтінін айтты.

Жеңіс Ермұқанов

Ардагерлер ұйымдары қарт адамдардың құқықтары мен мүд­де­лерін қорғап қана қоймай, мемлекеттің саяси-қоғамдық өмірінде біте қайнасып жүр. Әсіресе, Е