Ауыл шаруашылығы

«Радуга» сауда үйінің Солтүстік Қазақстандағы филиалы

 

 

 

Ресей, Украина, Белорусия кәсіпорындарының мұрындық болуымен құрылған орталық үш елдің заманауи ауылшаруашылығы техникаларын бір жерде сатуға мүмкіндік беріп отыр. Мұның бәріне бірыңғай кедендік одақтың арқасында қол жеткізілді дейді өз өнімдерін ұсынушы кәсіпорын өкілдері. Өңіріміздегі фермелермен кездесу барысында мамандар әр техникаға жеке-жеке тоқталып, оның тиімді тұстары жайында мол мағлұмат берді.

Нияз Ыбыраев, “Қазақстан фермерлер одағы” СҚОФ:

-Бүгінгі көрсеткен техникалары жер өңдеуге, егін себуге, зиянкестермен күресуге жақсы. Осыдан 10-12 жыл бұрын мұндай диллерлерді өзімізге тарта алмайтынбыз, қазір өздері келіп отыр. Елбасының инновациялық технология дегені осыған сәйкес келеді.

“Туман” деп аталатын техника егіс алқаптарын дәрілеу, минералды тыңайтқыштар шашу, зиянкес жәндіктермен күресуде таптырмас жаңашылдық. Қосалқы бөлшектерден тапшылық жоқ. Керегін өндіруші өздері тікелей жеткізіп береді. Жайлылығы да америка, германия, канадалық техникалардан кем түспейді.Бағасы да қалта көтерерлік

Рамин Кабуев, “Радуга” СҮ директоры:
Былай қарағанда осы трактор 200 аттың күші бар Қазақстанда 56 мың доллар. Осындай аналог трактор шетелдік 120-130 мың доллар. Екі ретке немесе 120-130 пайыз жоғары болады.

Агроқұрылым басшылары жаңа техникаларды көздерімен көріп, өндірушілермен ауызба-ауыз сөйлесті. Өздеріне түйген ойлары да жоқ емес.

Олег Сюникаев, “Сюникаев” ШҚ басшысы, Мамлют ауданы:

 Мұндай керек. Біріншіден бақталастық, шаруаларға таңдау бар. Өнім ұсынушылар көбейе түссе, соғұрлым баға да төмендейді.

Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған артық деген бар. Әзірге бір-бір данамен ғана жеткізілген ауылшаруашылығы техникалары ертеңгі күні өңірімізде ашылатын орталықта қаз-қатар тізілмек. Сол кезде ол жер емген шаруалар үшін қолжетімді, әрі баға жағынан да тиімді болмақ.

Самат Есмағи