Білім

«Болашақ» бағдарламасына 6 аграрлық мамандық енгізілді

 

 

 

Ауыл шаруашылығы саласының мамандарын даярлау деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Өйткені бұл салада заманауи инновациялық технологиялар енгізілуде. Сондықтан облысымыздың агроөнеркәсіп кешенін білікті кадрлармен қамтуда бірқатар шаралар қолға алынған.

Димаш Таласбаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
– Облыста аграрлық салаа кадрларды даярлау М.Қозыбаев СҚМУ, Есіл аграрлық-техникалық институты мен колледждер негізінде жүзеге асрылуда. Жыл сайын 700-ден астам жас түлектер   білім алып шығып жатыр.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша енді құс шаруашылығы мамандығын игеруге болады. Құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Байқауға жоғары арнаулы білімі, бакалавр дәрежесі бар азаматтар қатыса алады. Дипломның орташа балы да байқау талаптарына сай келуі тиіс.

Димаш Таласбаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
«Болашақ» бағдарламасы басым бағыттағы мамандықтар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Олар: «Агрономия», «Ветеринария. «Ветеринарлық медицина», «Орман шаруашылығы ісі», «Топырақтану, агрохимия және өсімдіктерді қорғау», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» және «Құс шаруашылығы».

Үміткерлерді іріктеу мемлекеттік және шет тілдерін білу, психологиялық дайындығы, зияткерлік және кәсіби даярлығы деңгейі бойынша жүргізіледі. Бұл мүмкіндікті агрономия мамандығының 4-курс студенті Фариза Мұқанова қалт жібермеуге тырысамын дейді.

Фариза Мұқанова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
“Болашақ” бағдарламасы жастар үшін өте тиімді. Біліктілікті шыңдап, кәсіпті жан-жақты меңгеруге жол ашады.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ауыл шаруашылығы кафедрасында 318 студент білім алуда. Биылғы оқу жылынан бастап ЖОО зоотехния мамандығы бойынша кадрларды даярлауға лицензия алыпты.

Күлбарам Баязитова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ кафедра меңгерушісі:
Ол да өте қажет мамандық деп ойлаймын. “Болашақ” бағдарламасына да үлкен көңіл бөлінуде. Аталмыш бағдарламаға қатысуға студенттеріміздің білімі жеткілікті.

Қазіргі таңда облысымыздағы агроөнеркәсіп кешеніне 70-тен астам маман қажет. Олардың кәсіби біліктілігі аса маңызды. Сондықтан “Болашақ” бағдарламасына енген ауыл шаруашылығы мамандықтарының саны жыл сайын артып отыр.

 

 Инеш Шоқақова