Бизнес және экономика

Техникалық реттеу және метрология департаментінің 2012 жылғы қызметі қорытындыланды



 

Техникалық реттеу және метрология комитенінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жаңа жылды айтарлықтай өзгерістермен бастаған. Кедендік одаққа мүше елдерден Қазақстанға әкелінетін немесе керісінше, сыртқа шығарылатын бағалы металдар, асыл тастар мен зергерлік бұйымдардың тасымалдануы мемлекеттік бақылауға алынған. Яғни бұл мақсатты жүзеге асыру үшін алдымен арнайы уәкілетті орган “Ұлттық сараптама мен сертификация” АҚ талаптарына жауап беруі қажет.

Вадим Маршаков, техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
– Зергерлік бұйымдарды немесе бағалы заттарды шекарадан алып өту үшін алдымен Алматы қаласындағы сынама зертханасында сараптамадан өткізу қажет. Ол үшін бағалы зергерлік заттарды тасымалдайтын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғалар арнайы тіркеуге тұру керек.

Мемлекеттік стандартты қадағалау саласындағы жаңашылдықтардың бірі – шығарылатын өнім жайлы толық мәлімет тізбесінің (каталог) жүргізілуі. Бұл талап отандық өнімдерге қойылып отыр. Ондағы ақпарат міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде болу қажет.

Екатерина Паршина, техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
– Өнім өндірушілер аймақтық департаментке тауар жайлы ақпараттар тізбесін тапсыру қажет. Бұл құжаттар 10 күн ішінде қарастырылады. Өнім жайлы ақпарат техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында тіркеліп отырады. Бұл тұтынушылар үшін де өте қолайлы болмақ.  

Өткен жылы мемлекеттік стандарт талаптарының сақталуын қадағалау барасында 263 тексеріс өткізілген.

 Бейбіт Әбілев, техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім бастығы:
– Бұрынғы жылдармен салыстырғанда, біздің жүргізетін тексерістеріміз үш есеге дейін кеміді деуге болады. Тексерістердің алдында біз көбірек насихаттау жұмыстарын жүргіземіз. Ең бірінші тамақ саласын, балалаларға арналған ойыншықтар, киім-кешектер мен құрылыс заттарының талапқа сәйкестігін қадағалаймыз.

Мамандар тамақ өндірісі мен балалар ойыншықтарында зиянды химиялық заттар көп кездесіп жатады дейді.

Әспет Әбдірешова