Билік

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы болып Самат Ескендіров сайланды

 

 

Кезектен тыс конференцияның күн тәртібінде 1 мәселе. «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалының төрағасын сайлау. Бұл қызметке облыстың жаңа әкімі Самат Ескендіров сайланды.

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:
– Үлкен сенім артып отырсыздар. Алғысымды білдіремін.  Бар күшімді, бар білімімді біздің өңіріміз даму үшін, Елбасының артқан сенімін ақтау үшін саламын.

Сондай-ақ жиында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек делегаттарды «Нұр Отанның» алдағы жұмыс бағдарынан хабардар етті. Басты назар – аймақтардағы жұмыс және жастар саясатында болмақ. Сонымен қатар партияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінің қызметі жаңартылады. Азаматтардың жеке қабылдауын тек қана депутаттар емес, министрліктер мен мекемелердің бірінші басшылары өткізеді деп күтілуде.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары:
-Әр түрлі деңгейдегі басшылар халықтың өтініштерін қағаз жүзінде емес, көзбе-көз көріп, қарастыру керек. Біріншіден билікке жеткізулері керек. Екіншіден, елімізде атқарылып жатқан игі істерді насихаттау керек.

Бұл міндеттерді «Нұр Отанның» облыстық филиалының мүшелері де орындауға атсалыспақ. Өңірімізде 45 мыңға жуық партия мүшесі бар. 380-нен астам бастауыш ұйымдары жұмыс істейді.

Инеш Шоқақова