Спорт

Каратешілер қоржынында 15 медаль


 

Біздің өңірден республикалық турнирге 13 спортшы аттаныпты. Оның 8-і алтын алқа тағынып, чемпион атанды. Тағы үшеуі екінші орынға тұрақтаса, 4-уі қола алқаны еншілеген. Қалған үшеуі жүлдесіз оралыпты. Спорт шеберіне үміткер Сұлтанбек Әділбек осымен 3-ші рет ҚР чемпионы атанды. Оның каратэмен айналысып жүргеніне 9 жыл болған. Әділбек тартысты додада 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Командалық және жеке кумитеде 1 орын алса, катада қола алқаны місе тұтты.
Никита Мордвинцев 2 медальмен оралды. 25 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол катада 1-ші орын, кумитеде үздік үштікті қорытындылаған.

Никита Мордвинцев, жарыс жүлдегері:
Менің каратэмен айналысып жүргеніме 4 жыл болды. Бұған дейін республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүрдім. Бұл жолғы додада екі жекпе-жек өткіздім. Ката және кумитедан. Бірінде ұтсам, екіншісінде жеңіліп қалдым.  

Байрақты дода Қазақстанның 6 облысынан мықты деген 170 спортшыны жинаған. Арасында біздің өңірдің намысын қорғаған спортшыларымыз да бар. Олар 4 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қанжығаларын 15 медальмен толықтырды. Алда спорт шеберлігіне үміткер каратэшілер қара белбеуге ие болмақ. Дүбірлі дода каратэ-до шотокан федерациясының бірінші президенті Вячеслав Савкивті еске алу үшін ұйымдастырылған. Енді спортшылармыз наурыз айында Петропавлда каратэдан республикалық чемпионатқа дайындалмақ.

Гүлбану Ахметова