Билік

Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алуды жетілдіру мәселесі қаралды



 

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кезекті үкімет отырысында мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру әрі оның мөлдірлігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қолға алынатын жаңа жоба қандай болмақ. Ол жайында жиынға қатысушыларды қаржы министрі құлағдар етті. Болат Жәмішев  мемлекеттік сатып алу бір орталықтан жүргізілу керек, сонда тәртіп болады дейді. Өткен жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 7 мыңның үстінде байқау жарияланып, 500-ден астам аукцион өткізілген. Тағы бір айтар жаңалық, өткен жылдан бастап мемлекеттік сатып алудағы өтінішті қарау мерзімінің қысқарғандығы. Ендігі жерде ол 52 күн емес, 28 күнде жүргізіледі. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алуға қатысудағы толтырылатын құжаттар 10-нан 6-ға дейін қысқартылмақ. Бірақ ұсынылатын тауар саны мен қызмет түрі 17-ден 28 дейін өскен. Сондай-ақ егер мемлекеттік сатып алу сомасы 100 АЕК аспайтын болса, онда оны тендерге қатыстырудың қажеті жоқ. Серік Ахметов қаржы министріне жаңа жобаны бизнес қауымдастықтарға егжей-тегжейлі түсіндіру үшін оны барлық өңірлерге жіберу керектігін айтты. Екі ай ішінде ол қарастырылып, түскен өтініш-тілектерге байланысты кемшін тұстарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Әр орынбасарыма тапсырарым, өздеріңіздің салаларыңыз бойынша осы мәселелерді қарастырып саралаңыздар. Материал бізге келіп түсісімен оны барлық аудандар мен басқармаларға таратамыз. Онымен танысып өткеннен кейін ұсыныстар жөнінде жиын өткізу керек болады.


Самат Есмағи