Балалар

Ресурстық орталық ашылады



 

2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы 3 бағыттағы мәселелерді шешуді қарастырған. Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру, экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту. Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл мақсаттарды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды.

Виктор Молодовский, СҚО жастар саясаты жөніндегі басқармасының бастығы:
– Басқарма құрылғаннан бері бірқатар өзекті мәселелер туындады. Осындай кездесулер арқылы жастардың ой-пікірлерін білетін боламыз. Республикалық жастар ұйымдарының филиалдарының жұмысын белсенді жүргізіп, оған тың идеялары бар жастарды қабылдамақпыз.

Облысымызда өз жұмысын бастаған студенттердің еңбек биржасына 2 жарым мыңнан астам өтініш түсіпті. 1 жарым мыңнан астам студент жұмысқа орналасқан. Дегенмен бұл ұйымның мүмкіндіктерін кеңейту қажет дейді Виктор Молодовский. Ол тек студенттерге емес, барша жастарға жан-жақты көмек көрсетуі тиіс. Сондай-ақ өңірлік ресурс орталығы құрылатын болады. Қызметі – кезіндегі жастар сарайы сынды болмақ. Бұл жаңашылдықтарды жастар қолдап отыр.

Жанарбек Тақыр, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
Мен жаратылыстану және жағрапия факультеті студенттері конгресінің төрағасымын. Әр студентті мазалайтын мәселелер баршылық. Осындай кездесулерде оларды шешу жолдарын қарастырамыз.

Қазіргі таңда өңіріміздегі жастардың саны – 148 271. Бұл жалпы тұрғындар санының төрттен бір бөлігі. Сондықтан жастар саясатының сауатты жүргізілуі маңызды.

Инеш Шоқақова