Спорт

Президенттік көпсайыстан қалалық жарыс



 

Жарысқа 35 мектептің оқушылары қатысты. Алғашқы күні олар оқу, ату және гимнастикадан өзара мықтыны анықтады. Ал, бүгін спортшылар шаңғы тебуден сынға түсуде. Олар 3 жас ерекшеліктеріне байланысты 1,2 және үш шақырымды бағындыруда.

Александр Черников, жарыстың бас төрешісі:
Кеше мектеп оқушылары сайыстың екі түрінен бақтарын сынаған болатын. Былтырғыға қарағанда олардың көрсетіп отырған нәтижелері әлдеқайда жақсы. Әзірге үш мектеп көш бастап келеді. Жарыс соңында бас жүлдені осы білім ордаларының қайсысы алатыны белгілі болады.  

Бірінші болып 12 -13 жас аралығындағы мектеп оқушылары аяқтарына шаңғы байлап жолға шықты. Олар 2 км жүріп өтулері тиіс. Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрсұлтан Жүсіпов мәре сызығын екінші болып кесті. Оның көрсеткіші  – 8 минут 30 секунд.

Қалалық жарысқа 200-ден астам мектеп оқушылары қатысты, бәрінің де жеңістен үміті бар. №4 орта мектеп оқушысы Әлия Расқұлова оқу ордасының намысын арқалай келген. Былтыр ол осындай тартысты додада екінші орынға ие болыпты. Биыл бас жүлдені жеңіп алсам деген үмітте.

Әлия Расқұлова, №4  орта мектеп оқушысы:
Кешегі өткен жарыста оқ ату және гимнастикадан күш сынастық. Нәтижеме көңілім толмайды. Дегенмен осы шешуші кезеңде мықты спортшылардың қатарынан көрінгім келеді.  

Сөйтіп, президенттік көпсайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені №7 орта мектептің оқушылары жеңіп алды.

Гүлбану Ахметова