ТКШ

Коммуналдық қызметке қарыз әйел 1 тәулікке қамауға алынды

 

 

 Бұл азаматша коммуналдық қызметке уақытылы ақша төлемегендіктен қамауға алынған. Ол “Севказэнергосбыт” ЖШС қызметін пайдаланғаны үшін соңғы рет 2011 жылдың сәуір айында төлем жасапты. Кәсіпорынның борыш жөніндегі ескертулерін елемеген. Осылайша берешегі 17 мың теңгеге дейін жеткен. Алайда борышкер қарыз жайлы жуырда ғана естідім деп отыр.

Жұмыс істеген жоқпын. Сондықтан күнкөріс үшін пәтерімді жалға бердім. Өзім ауылға кеттім. Борыш жайлы жаңа естіп жатырмын. Ешқандай қағаз алған жоқпын.

Мамандандырылған әкімшілік сот азаматшаны 1 тәулікке қамауға алу жөніндегі шешім шығарған.

Юлия Башкатова, Петропавл аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы:
-Борышкер 24 сағатқа қамауға алынатын болды. Ақпанның бірінен мемлекеттің пайдасына борышты өндіру акциясы бастау алды. Осы аптада 2 азамат осы бойынша жауапқа тартылды. Қарызға белшесінен батқандар 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Сот отырысынан кейін борышкерді бірден уақытша ұстау изоляторына апарды. Енді ол 24 сағат осында отырмақ.

Айдана Демесінова