Спорт

Боксшылар 7 медаль алып қайтты

 

 

 

Тартысты дода 22-28 қаңтар аралығында өткен. Оған Қазақстанның 8 облысынан 310 спортшы қатысыпты. Сонымен қатар Қырғыз елінің муайтайшылары да бақтарын сынап көрген. Александр Сапрыкин осы жолғы дүбірлі додада жасөспірімдер арасында 11-рет Қазақстанның чемпионы атанды. Оның спорттың бұл түрімен айналысып жүргеніне 9 жыл болған. Алматыда өткен ел чемпионатында 3 жекпе-жек өткізіп, 2 қарсыласын нокаудтпен жеңген.  

Александр Сапрыкин, муай-тайдан ҚР чемпионы:
Екі жекпе-жегім жергілікті спортшылармен болды. Ал, үшіншісі ақтаулықпен. Барлығын да осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемнің арқасында жеңдім. Алдағы уақытта осы бағытымнан таймақ емеспін. Себебі маған көбі үміт артып отыр.

45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Руслан Заякин де алтыннан алқа тағынды.

Руслан Заякин, жарыс жүлдегері:
Тай боксы маған ұнайды. Себебі шынтақ, тізені де қолдануға болады. Бұл спортқа ден қойғаныма 4 жыл болды. Жақсы дайындығымның арқасында 1-ші орынға қол жеткізіп отырмын.  

Дәл осы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дмитрий Сысоев екінші орынға ие болды. Ал, Егор Селютин үздік үштікті қорытындылады.

Егор Селютин, жарыс жеңімпазы:
Мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отырмын. Бастамам жаман емес. Рингте мен екі жекпе-жек өткіздім. Бірінде жеңсем, екіншісінде жеңіліп қалдым.

Тай бокстан Алматыда өткен ел чемпионатында өңір намысын 13 спортшы қорғаған. 4 жас ерекшеліктеріне байланысты. Сөйтіп қанжығаларын 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен майлады.

Иван Ван-Хон-Тун, жаттықтырушы:
Жарыс жоғары деңгейде өтті. Себебі тартысты додаға ең мықты деген спортшылар жиналды. Бұл әлем чемпионатына муай- тайшыларды іріктеу болатын. Сол жарысқа тек 1 ғана спортшымыз жолдаманы жеңіп алды. Ол -Александр Сапрыкин. Жалпы шәкірттерімнің көрсеткен нәтижесіне көңілім толады.

Былғары қолғап шеберлерінің алдағы жоспарлары ауқымды. Әзірге ақпан айында өтетін ел чемпионаты және наурызда Стамбулдағы әлем чемпионатына қатысып, жүлделі оралу.

Гүлбану Ахметова