Қоғам

Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды



 

Елбасының жаңа Жолдауында ел дамуының басым бағыттары айқындалған. Экономика өссе, халық әлеуеті артады. Құжатта әлеуметтік жағдайды жақсартып, білім беру мен денсаулық сақтау саласын сапалы ету үшін бірқатар міндеттер жүктеліп отыр. Осы орайда Президент Жолдауы солтүстікқазақстандықтардың зор қолдауына ие болды. Дөңгелек үстелге жиылғандар Елбасы сөздерін саралай келе, бүгінгі медицинаның мүмкіншіліктеріне тоқталды. Соңғы уақытта қолға алынған скрининг әдісі бірталай аурудың алдын алып, дер кезінде емдеуге септігін тигізуде.

Наталья Полякова, СҚО штаттан тыс бас педиатры:
Біз балалар ауруларының алдын алу үшін үнемі тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Өткен жылы облыс бойынша 138 мыңға жуық баланың денсаулығын қадағаладық. Нәтижесінде, қан ауруларының жиі кездесетінін анықтадық. Содан кейін көз және жүйке жүйесінің аурулары бар.

Білім саласы да қолдаудан кенде емес. Мұғалімдер қауымы білім саласына қатысты қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалады.

Наталья Згура, №44 орта мектебінің мұғалімі:
Елбасы халыққа Жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесін де ұмыт қалдырған жоқ. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылға дейін жалғасады деп айтты. Бұл бағытта біздің өңірімізде айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр.

Жиын барысында жастардың бойында қазақстандық париотизмді қалыптастыру мәселесі де талқыланды.

Әспет Әбдірешова