Бизнес және экономика

Заңды тұлғаларды тіркеу жеңілдеді

 

Тіркеу алымын төлеп, тіркеуші органға хабар берсе болғаны. Енді шағын кәсіпкерлік субъектілері өз бизнестерін тек 1 күн ішінде тіркей алады. Заңдағы бұл өзгертулер 9-шы қаңтардан бастап күшіне енген.

Гүлнар Қожахметова, СҚО бойынша әділет департаменті бастығының орынбасары:
Хабарлама «электронды үкімет» порталында толтырылады. Сонымен қатар онда төлем өткізуге немесе хабарламаға төлем құжатының сканерленген көшірмесін қоса беруге болады. Тіркеу «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында автоматты түрде жүргізіледі.

Бұған қоса бизнесті тоқтату жұмысы да жеңілдетілген. Тіркеу мерзімдері 10 күннен 5 күнге дейін қысқарыпты. Өйткені тарату балансы, оны бекіту туралы шешім және бюджет алдындағы қарыздардың болмауы туралы салық органдарының анықтамалары қажет емес.

Ерік Есентаев, СҚО бойынша әділет департаментінің бөлім бастығы:
Сондай-ақ заңмен кейбір процедуралар нақтыланды. Заңды тұлғаны қайта құру үрдісі бөлек бапқа шығарылды. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу жұмысы реттелді.

Жаңашылдықтарды талқылауға салық департаменті мен 2-ші деңгейдегі банк өкілдері де жиылды.

Наталья Петрова, «БТАБанк» АҚ заңгерлік департаментінің бас маманы:
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Яғни атылмыш үрдіс біршама жеңілдетілді. Бұл банктер үшін де тиімді.

Қазір тіпті жылжымайтын мүлікті электронды түрде тіркеу қызметі де бар.

Инеш Шоқақова