Ауа райы

БАҚ және мемлекеттік органдар өкілдері бас қосты

 

 

Кездесуге өңірлік мерзімді басылымдар мен арналардың редакторлары және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметкерлері жиналды. Отырыста журналистер ақпарат жинау барысында туындайтын келеңсіздіктер жайлы сөз болды. Мәселен, облыста мемлекеттік органдардың кейбіреулерінде баспасөз қызметі дұрыс ұйымдастырылмаған. Бұл БАҚ өкілдеріне шынайы мағлұматты уақытылы алуға кедергі келтіреді. Сондықтан, мәселені дереу шешу қажеттігі туындап отыр. Жиында кей мекемелердің сайттары да қатаң сынға алынды. Өйткені мұнда жаңа ақпаратты қосу жұмыстары бәсең, кейбіреулерінде,тіпті, жүргізілмейтін көрінеді. Бұл жерде баспасөз хатшыларына да бірқатар ұсыныстар айтылды

Руслан Әлішев, СҚО ішкі саясат басқармасының бастығы:
-Ұйымдастырылатын шаралар жайлы өз жоспарларыңызды журналистерге жіберіңіздер. БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Жергілікті арналар не газеттермен ғана емес, республикалық арналардың және басылымдардың тілшілерімен де байланыс орнатқан жөн.

Кездесуде құқық қорғау органдарында бұл жұмыс оң жолға қойылғандығы айтылды. Нұрлан Жахиннің жергілікті қаржы полициясының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келе жатқанына 3 жыл.

Нұрлан Жахин, СҚО экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
-Елбасы қазіргі уақытта мемлекеттік органдар жұмысының жылдан-жылға ашық болуы керектігіне баса назар аударады. Бүгінгі жиналыста өзекті мәселелер көтерілді. Бірақ бұл жұмыстың басы ғана деп ойлаймыз. Алдағы уақытта БАҚ пен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс арта түседі деген сенімдемін.

Жиынға келген өзге азаматтар да журналистер мен мемлекеттік органдардың арасындағы байланыстың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

Зәкіржан Мамлютов:
– Мұндай кездесулер өте пайдалы деп ойлаймын. Өйткені,  БАҚ пен билік арасындағы байланыс – бірінші орында. Мұны Елбасымыз да атап өткен болатын.
Александр Семенчук
:
-СҚО бойынша кедендік бақылау департаменті қажетті ақпаратты дереу БАҚ-на жеткізуге тырысады. Бұл біз үшін де пайдалы. Өйткені, халыққа қажетті мәліметті журналистер арқылы береміз.

 

 Айдана Демесінова