Kurultai banner mobile

Қоғам

Жалпыұлттық аза тұту күні



 

Қала көшесі тұнжырап тұр. Мемлекеттік мекемелердегі барлық ту төмен түсірілген. Қазақстан халқы Алматы түбінде апатқа ұшыраған әуе кемесінде болған отандастарын аза тұтуда. Иә, соңғы 2 айда көк ту 2-ші рет төменге түсірілді. Жергілікті халық марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтуда. Олар мұндай қасірет енді аспанымызға төнбесін деп тілейді.

– Өте қайғылы жағдай. Баршамызға ауыр тиеді. Туған-туыстарына бекем болыңыздар деп айтқым келеді.
Әрине, бірге қайғырамыз. Осымен 2-ші рет қайғылы жағдай болып жатыр. Өте ауыр жағдай.

Барша қазақстандықтар марқұмдардың туғандарымен бірге қайғыруда. Жалпыұлттық аза тұту күнінде барлық телевизия эфирлерінде ойын-сауық бағдарламалары мен жарнамалар да тоқтатылды.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын апаттан менің ағам қайтыс болған. Сондықтан осы адамдардың қайғысын жақсы түсінемін. Қайғысына ортақтасамын.
– Мұндай жағдай елімізде қайталанбасын, мемлекетіміз тыныш болсын дегім келеді.

Инеш Шоқақова