Ауыл шаруашылығы

Облыста жер түгендеу жұмыстары жүріп жатыр

 

 

Өңіріміздегі бар жер қорының 74 пайызы ауыл шаруашылығы саласында пайдаланылады екен. Былтыр егіс алқаптары 48 мың га ұлғайтылыпты. Әлі де тиісінше қолданылмаған жер телімдері баршылық дейді мамандар. Бұған ел көлемінде жүріп жатқан жер түгендеу жұмыстарының қорытындысы дәлел.

Жомарт Еркін, СҚО бойынша жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары:
 – 2012 жылы Жамбыл, Ғ.Мүсірепов және Уәлиханов аудандарындағы жалпы көлемі 2 млн. 365 мың га жер тексерілді. Нәтижесінде 170 мың га артық жердің еш мақсатқа пайдаланбағандығы анықталды. Оның 101 га топырағы құнарлы егін егуге өте қолайлы. 68 мың га тыңайтылған жер. Бүгінде 32 мың га айналымға енгізілді. Ал, 30 мың Га жер телімі иесіз. 5 мың га мемлекетке қайтарылды.

Бұл аграрлы өлкенің мүмкіндігі барынша жүзеге аспай келетіндігін көрсетеді. Іске жаратылмаған жер телімінің көп бөлігі Уәлиханеов ауданында анықталыпты. Шамамен, 129 мың га. Өткен жылы өңір бос жатқан 694 жер телімі жеке шаруашылықтарға таратылған екен. Биыл тағы 707 мың гектар ұзақ мерзімге пайдалануға берілмек.

Жомарт Еркін, СҚО бойынша жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары:
Санақ биыл облысымыздың 5 ауданында жүргізіледі. Ақжар, Аққайың, Айыртау, Тимирязев және Шал ақын аудандарында жалпы аумағы 2,1 млн га жер толықтай тексерістен өтеді. Бұл мақсатқа 27 млн теңгеден артық қаржы бөлінді.

Ал 2014 жылы қалған жерлер түгенделмек. Елбасы осы уақыт ішінде бос жатқан жерлерді іске қосуды жүктеген болатын. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмағандықтан арам шөп басып кеткен аумақтар орман шаруашылығының қорына берілмек.

Жеңіс Ермұқанов