Салық басқармасы

Салық төлеудегі өзгерістер



 

Жиында кәсіпкерлерге заңға енгізілген өзгерістерге сай кедендік одақ аясында қалай жұмыс істеу керектігі түсіндірілді. Ербол Нуралин “Севказглавснаб” ЖШС жұмыс істейді. Кәсіпорын тау-кен орындарын қазуға арналған құрылғыларды Ресейден тасымалдаумен айналысады. Олар Қазақстандағы бірқатар компаниялармен әріптестік орнатқан. Салық заңына енгізілген өзгерістерден хабардар болуымыз керек. Бұл күнделікті жұмысымызға қажет дейді “Севказглавснаб” ЖШС менеджері

Ербол Нұралин, “Севказглавснаб” ЖШС менеджері:
-Бүгінгі жиынның бізге берері мол. Өйткені салық заңына қатысты өзгерістерден хабардар болуымыз қажет. Онда мәселен, көптеген жеңілдікер көрсетілген. Сондықтан да құжаттардың дұрыс толтыруына баса мән берген жөн. Салық төлеу барысында қателіктер болмау үшін.

Жиында сондай-ақ, кедендік одаққа қатысты салық есебі формасын дұрыс толтыру, тасымалданатын тауарға салық төлеу жайы да түсіндірілді.

Арсланбек Рахметов, қалалық салық басқармасының бөлім бастығы:
-Күшіне енген заңға сәйкес енді тауарды сақтандыру, оны тасмалдаудың шығыны азайды. Және қазіргі уақытта қажетті құжаттардың саны да бұрынғыдай көп емес. Декларацияда ертеде 13 ереже болса, енді оның саны 7-ге қысартылды.

Семинар тараптар арасында пікір алмасу түрінде өтті.

Гүлбану Ахметова