Қоғам

Қаңтардың 31-і елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды



 

Алматы түбінде болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың туған-туысқандарының қайғысына солтүстікқазақстандықтар да ортақтасты. Қызылжар орталық мешітінде марқұмдардың рухына құран бағышталды.Естеріңізге сала кетейік, Көкшетаудан оңтүстік астанаға ұшқан әуе кемесінің ішінде 16 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған еді. Ұшақ тұманда бағдарды жоғалтып, әуежайдан жеті шақырым жерде құлаған. Жолаушылардың барлығы оқиға орнында көз жұмды. Алла үйіне келгендер қаза тапқандардың туғантуысқандарына көңіл айтты. Ажал  айтпай келеді. Бұл елімізге ортақ қайғы, көк туымыз енді төменге түспесе екен дейді қабырғасы қайысқан өңір тұрғындарды.

Айдана Демесінова