Аптадағы маңызды жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамытуға не кедергі



 

 

Жиында қаралған басты мәселе өз ісіңді дамытуда аяққа тұсау болар кедергілерді азайту. Бұл ретте
мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, несие алушыларға барынша жағдайлар жасалуда. Қаржы институттарының өкілдері Қызылжар ауданы кәсіпкерлерінің басын қосқан отырыста осы бағытта әңгіме өрбітті.

Зейнеп Рахымбекова, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қорғау қоры” АҚ СҚОФ директоры:

Біз 1 миллионнан 18 миллион теңгеге дейін қаржылай қолдау көрсете аламыз. Жылдық үстеме ақы 6 пайыз. Несие 7 жылға беріледі. Бұл өз ісін ашушыларға тиімді деп ойлаймыз.

Жиында бағдарламаның жүзеге асырылуы жан-жақты талқыланып, өткен жылы атқарылған жұмыстар да қорытындыланды. Мәселен, 2012 жылы аграрлық несие корпарациясы өңіріміздің тауар өндірушілеріне 11 миилиард теңгеден астам қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл өз ісін дамытушыларға айтарлықтай көмек болған. Олардың қатарында Қызылжар ауданының кәсіпкерлері де бар.

Алмат Кожахметов, “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

-Қызылжар ауданы бойынша өткен жылы шағын және орта бизнеске қатысты 45 өтінішті қанағаттандырып, оларға  506 миллион теңге қаржы бердік. Аграрлық салаға бөлінген сома 100 миллион теңгеден асады. Сондай-ақ мал шаруашылығына қатысты 6 қожалық құжаттарын өткізген болатын. Оларға 500 бас ірі қара мен 17 бас асыл тұқымды бұқа алу үшін ақшалай қолдау көрсеттік.

Бүгінде Қызылжар ауданы бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы саны 1264 құрайды. Олар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекті айқын сезініп отырмыз дейді.

Ақан Барлыбаев, “Әлти-Гарант” ЖШС директоры:

Егіншілікпен айналысамыз. Осыдан 5 жыл бұрын “Казагрофинанс” арқылы жаңа егін себу кешеніне қол жеткіздік. Демеуқаржының жылдық үстеме ақысы 4 пайызды құрайды. Бұл біздерге тиімді. Биыл да жаңа техника алуды жоспарлап отырмыз.

Жиында қаржы институттары өкілдері жоспарларымен бөлісті. Солардың бірі – жуық арада “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қорының облыстық филиалында ашылатын кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы. Онда шағын және орта бизнеске қатысты кез-келген ақпаратты жедел түрде алуға болады. Аталмыш орталықтың ұтқырлығы да осында дейді мамандар.

Самат Есмағи