Құқық қорғау органдары

Полицейлер рейді

 

Рейд барысынд барысында тәртіп сақшылары жазасын өтеп шыққан адамдар, қару иелері мен профилактикалық тіркеуге алынған азаматтарға баса назар аударды. Полицейлер сонымен қатар тұрғылықты жері жоқ және тіркеусіз тұрып жатқан тұлғаларды да тексеріп притон тобына жатқызылған барлық мекенжайларды да аралап өтті.Рейдте полицейлер 2 мыңнан астам үй мен 500-ге жуық пәтерге бас сұқты. Нәтижесінде телефон ұрлығына қатысты бірнеше қылмыстың беті ашылып, тіркеуде тұрған 800-ден астам азамат тексерілді. Алдын алу шарасы барысында тіркеуде тұрған 34 шетел азаматы да тексерілді. Бұл жерде де заң бұзушылық жоқ емес. Сот шемімін бұзған 6 адамға ескерту жасалды. Жол полициясы

инспекторлары рейд шеңберінде 59 әкімшілік хаттама толтырса, оның 18 қауіпсіздік белдігін тақпағандарға қатысты. Қабылдап-бөлу мекемесіне тұрақты мекенжайы жоқ 25 тұлға жеткізіліп, олардың барлығы фото-бейне тіркеуге алынды. Алдағы уақытта мұндай іс облыс орталығының басқа аудандарында да өткізлмек.

Самат Есмағи