Мәдениет

Погодин атындағы театрдың жаңа қойылымы

 

 

Өткен ғасырдың 20-жылдарынан сыр шертетін туынды  махаббат жайында. “Квадратура круга” деп аталған спектакль коммунизмді аңсаған адамның жарқын болашақ туралы арманына құрылған. Қойылым бір бөлмеде тұратын екі студент Вася мен Абрам жайында. Екі дос бір-бірінен жасырып бір күнде некеге тұрады. Сөйтіп, алақандай бөлмені екіге бөліп тұруға мәжбүр болады. Бір қызығы Вася Абрамның қалыңдығы Тоняға бұрыннан ғашық. Ал кейін Васяның жары Людмила Абрамды ұнатып қалады. Бұдан кейін ынтық жастар жасырын кездесіп жүреді. Комедия осындай қызықты әрі күлкілі сәттерге толы. Оқиғада бір-бірін алдау жиі кездеседі. Ақыры қойылымның соңында екі дос сүйгендеріне қосылады.

Виктор Шалаев, қоюшы-режиссер:
“Квадратура круга” премьерасының авторы – Валентин  Катаев. Шығарма екі студенттің махаббат жолындағы қателіктері жайында. Спектакльдің дайындығын бұған дейін студенттер де көрген болатын. Оларға 20-жылдардағы ғашықтардың өмірі қатты ұнады.

Алғаш рет көрерменге жол тартқан туындыны тамашалауға келгендердің қатары қалың болды. Олар да қойылым жайындағы өз әсерлерімен бөлісті.

-Екі студент жайындағы қойлым менің көңілімнен шықты. Достардың үйленуі бұл жүректің қалауымен болмағандықтан, соңында қателіктерін түсінуімен аяқталады.
-Спектакль жақсы қойылған. Актерлер де өздерінің рөлдерін жақсы сомдап шықты.  

Гүлбану Ахметова