Спорт

Оқушылардың облыстық спартакиадасы аяқталды



 

Спортшылар бірінші күні шаңғы тебуден жарысқан болатын. Нәтижесінде Мамлют ауданы 440 ұпаймен алға шықты. Ал сенбі күні сайысқа қатысушылар мылтықпен нысанаға көздеп атудан мергендіктерін сынады. Осы кезеңде спортшыларға 15 минуттың ішінде 50 ұпай жинап алуы қажет болды.

Юлия Шведкая, жарысқа қатысушы, Тайынша ауданы:

-Шаңғы тебуден жақсы нәтиже көрсете алмадым. Бүгін оқ атудан 46 ұпай жинадым. Біздің команданың жеңіске жететініне сенімдімін.  

Елена Перерва, жарысқа қатысушы, Мамлют ауданы:
Маған мылтықпен нысанаға оқ ату ұнайды. Сондықтан, бүгінгі көрсеткен нәтижем жаман емес. Біздің команда бас жүлдені жеңіп алады деген ниеттемін.

Жарысқа қатысушылардың барлығы да жеңістен үмітті. Тимирязев ауданының намысын 16 спортшы қорғауда. Солардың бірі – Альбина Амрина. Жарысқа қатысушы оқ атудан 38 ұпай жинады. Ол бұл нәтижесін азсынып қалды.

Альбина Амрина, жарысқа қатысушы, Тимирязов ауданы:
Мұндай жарысқа екінші рет қатысып отырмын. Шаңғы тебуде жақсы нәтиже көрсеткеніммен, оқ атуда қатты қобалжып, қажетті ұпайды жинай алмадым.

Есіл ауданының спортшылары да бас жүлдеден үмітті. Олар өткен жылы ұтылып қалса да, биыл мықтап дайындалған.

Жанат Садиров, жаттықтырушы, Есіл ауданы:
Біздің команда 3 мектептің оқушыларынан құралған. Біз былтыр 6-шы орынды алғанбыз. Енді, осы жолы дайындығымыз зая кетпес.

Соңғы күні спортшылар гимнастикадан жүзден жүйрікті анықтады. Сөйтіп, облыстық жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлде биыл да Тайынша ауданының командасына бұйырды. Күміс алқа мамлюттіктерде, үшінші орын Қызылжар ауданының құрамасына тиді.

Гүлбану Ахметова