Білім

Білім беру саласын жаңғырту



 

Елбасы жылдағы Жолдауында үнемі білім саласына баса мән беріп, кадрларды даярлауға қатысты айқын міндеттер жүктейді. Бұл құжат зерттеліп-зерделенген облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында бүгінде нақты істер қолға алынған. Қазір мұнда электрондық оқытуға басымдық берілуде. Өйткені, бұл – заман талабы. Көптеген дамыған елдерде аталған әдіс жақсы жолға қойылған. Енді Қазақстанда біртіндеп енгізіліп жатыр. Өткен жылы 688 мұғалімге электрондық оқыту тәсілі үйретілсе, бүгінде бұл жұмыс тағы да жалғасын тапты. Есіл ауданынан келген жас маман Ғабидулла Тұрдымұратов электрондық оқытудың тиімді екенін айтады.

Ғабидулла Тұрдымұратов, Явленка №1 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, Есіл ауданы:

-Әркімнің өзінің сайтында қажетті сабақтарды, құжаттарды сақтап қоюға болады. Мәселен, кез келген мектепке немесе тіпті, облысқа барғанда да ешқандай бума қағаздарды көтеріп жүрмей-ақ, ғаламторға кіріп керегіңді алуға болады.

3-ші базалық деңгей тренері Балғаным Оспанова институтта 4 жыл еңбек етеді. Ол жуырда “Назарбаев Университетіне” барып жаңа технологияларға үйреніп келіпті.

Балғаным Оспанова, “Өрлеу”БАҰО” АҚ филиалының тренері:

-Мұғалімдердің жұмыс барысын толықтай өзгертеміз. Заманауи технологияларды пайдалану, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды көптеп тәжірибеге енгізу мақсат болып отыр.

Мұнда биыл инновациялық даму бөлімі ашылған. Яғни, институттағы мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мол мүмкіншілік туып отыр.

Балғаным Оспанова, “Өрлеу”БАҰО” АҚ филиалыны тренері:

-Мұндағы біздің оқытушылырамыздың міндеті – облысымыздағы озық тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибесін тарату, көрсету, таныстыру. Сондай-ақ, курсаралық семинарлар, конференциялар өткізу жұмыстарымен айналысады. Бұл – біздің институтымыздағы бір жаңаша жұмыс.

Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында өткен жылы 4 мыңға жуық мұғалім оқытылған екен.

Данаш Хамзина