Аптадағы маңызды жаңалықтар

314-атқыштар дивизиясына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды



 

 

1941 жылдың қыркүйегінде Ленинград қаласының 2 жарым миллионнан астам тұрғыны жау қоршауында қалды. 900 күннің әр минуты азап пен қасіретке толы болды. Любовь Яковлева блокада жылдарын осылайша есіне алады. Ол 10 жасында сіңлілерімен бірге Петропавлға көшіріліпті.

Любовь Яковлева:
Ол кездерді есіме алсам, көзіме еріксіз жас үйіріледі. Өте қиын болды. Анамыз бізге қандай тамақ табарын білмей қиналды. Қанша таныстарымыз бен туғандарымыз жау қоршауы бұзылғанша, көз жұмды.

314-атқыштар дивизиясына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоямын деушілердің қарасы қалың. Жастар да бұл күннің маңызын ерекше сезінеді. Мария Малиновская Отанымызды жаудан қорғап, бейбітшілікті сыйлаған ата-бабаларымыздың алдында мәңгі борыштармыз дейді.

Мария Малиновская, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
Соғыс жылдары мыңдаған адамның өмірі қыршын болды. Менің аталарым да майданға барды. Сондықтан бұл отбасымыз үшін де үлкен трагедия.

Ескерткіш алдында жиылғандардың арманы ортақ. Олар мұндай қасірет адамзат баласының басына енді еш уақытта төнбесін деп тілейді.

Инеш Шоқақова