Спорт

Шаңғыдан облыстық чемпионат

 

 

Өңірлік додаға 211 спортшы қатысуға мүмкіндік алыпты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа іріктелді. Жарыс жолына бірінші болып, 12 мен 13 жас аралығындағы жеткіншектер шықты. Алғашқы топ 3 шақырымды жүгіріп өтуі қажет. Қалған екі топ 5 және 10 км-ді бағындырады. Облыстық сайыста шаңғы тебуден ҚР чемпиондары да жарыс алаңына шықты. Дастан Делдин мен Яна Самохвалова Тайынша ауданының намысын қорғауда. Былтыр бұл жұп 1 орынға ие болған.

Дастан Делдин, шаңғыдан ҚР чемпионы:
Мен бұл спорт түріне 5-сыныптан ден қоя бастадым. Щучинск қаласында өткен ел чемпионатында топ жардым. Бүгінгі мақсатым – 3 күнге жалғасатын сайыста бас жүлдені алу.  

Яна Самохвалова, шаңғыдан ҚР чемпионы:
– Көздегенім – тағы да бірінші орын. Дайындығыма сенімдімін. Негізі спорттың бұл түрімен айналысып жүргеніме 4 жылдың жүзі болды. 2011 жылы ел чемпионы да атандым.  

Бүгін сайыскерлер шаңғы тепсе, ертең олар оқ атудан сынға түседі. Шешуші сайыста гимнастикадан ең мықтысы анықталады.

Тұрлыбек Қалижанов, аймақтық дене шынықтыру және спорт орталығының бас инспекторы:
“Ақ шақар” және “Жұлдызша” спартакиадасы бойынша өткізіліп жатыр. Бұл мектеп оқушылардың арасында дене шынықтыруды дамыту үшін. Марапаттау қаңтардың 27 өткізіледі.  

Сыннан сүрінбей өткен шаңғышылардан облыстық құрама жасақталмақ. Кейін олар республикалық жарыстарда өңір намысын қорғайтын болады.

Гүлбану Ахметова