Құқық қорғау органдары

Облыс бойынша 60 адамға іздеу жарияланған



 

 14 жастағы Татьяна Чаустың ата-аналары қызының өткен жылдың күзінен бері үйіне келмегені жайында полицияға хабарлаған. Алғашқыда жасөспірім телефон арқылы хабарласып, жақын арада оралатынын айтыпты. Алайда, кейін қоңырау шалуын да доғарған. Жедел уәкілдер іздеуде жүрген қыздың бір қаладан екіншісіне көшіп-қонып жүргенін және кейіннен Астана қаласынан табылғанын айтты. Өз үйлерінен кетіп қалатындардың арасында егде жастағы адамдар да баршылық. Осы жылы 3 зейнеткерге іздеу жарияланған. Олардың бірі 74 жастағы Бескөл ауылының тұрғыны Антонина Балясова. Зейнеткер үйінен 2012 жылдың 27 желтоқсанында кетіп қалған. Полиция қызметкерлеріне көбіне Айыртау ауданы Лобанов ауылында орналасқан кәсіптік лицейдің тәрбиеленушілерін іздеп табу үшін де хабарласады екен. Өткен жылдың өзінде ғана осы мекеменің 40-тан астам оқушысына іздеу салынған болатын. Негізінен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 62 жан із-түссіз жоғалғандар қатарында. Тәртіп сақшылары оларды іздеу үшін Қазақстан және көршілес жатқан елдермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан.

Гүлбану Ахметова