Мәдениет

Музыка пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілік байқауы



 

Қосымша білім беру педагогтарының облыстық байқауы өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – вокал өнерін дамыту, оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру. Өнерлі жандар арасындағы сайысқа 16 «музыка» пәнінің мұғалімі қатысуға ниет танытыпты. Ұстаздар арасындағы бұл сын 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші кезеңде өз-өзін таныстырады. Кейін ашық сабақтан үзінді көрсетеді. Соңғы кезеңде үміткерлер 2 түрлі жанрда  ән орындайтын болады. Айыртау ауданынан келген  Самал Нашарбаеваның 4 жылдық еңбек өтілі бар, сайысқа жақсы дайындалыпты. Мұндай байқауға алғаш рет қатысып отыр екен. Сондықтан бойымда қобалжу сезімі бар дейді.

 Самал Нашарбаева, Мәдениет орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі, Айыртау ауданы:
-Қобалжу бар. Қазір екінші тур өтіп жатыр. Ашық сабақ көрсетемін. Үшінші турдан өтіп, жүлделі орын аламын деп ойлаймын. Осы конкурсқа Үкілі Ыбырайдың “Гәкку” әнін ұсынғалы отырмын.

Үміткерлердің айтуынша, үшінші кезең ең оңайы екен. Өйткені бұл сында қатысушылар қазылар алқасына 2 ән ұсынуы тиіс.

-Жүлделі орынға ие боламын деген үміттемін. Алайда бұл байқауда жолым болмаса да, келесі сайыстарда бағым жанар. Сондықтан бастысы сынға қатысып, әріптестеріммен тәжірибе алмасу
-Мен татар және украин әндерін орындаймын. Мұндай байқаулардың берері мол. Өйткені әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, пайдалы ақпаратты жиямыз.


Айдана Демесінова